Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айнұр Асқарқызы ерекше қасиетін өлім аузындағы сіңлісінен білгенін айтты

Опубликовано:

Айнұр Асқарқызы өзінің күллі елге әйгілі сынықшы болатынын кішкентай сіңлісінен білгенін сөз етті. Оның айтуынша, сіңлісі өлім аузында жатып, әпкесіне көктегі "аталардың" өсиетін жеткізіпті. Бұл туралы танымал сынықшы Астана арнасындағы "Оңай емес" бағдарламасында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айнұр Асқарқызының сөзінше, оның сіңлісінің көріпкелдік қасиеті болған. Алайда ол 8 жасында өзіне дарыған күшті көтере алмай, көз жұмыпты.

Дегенмен көзі тірісінде әпкесіне өсиет айтып, болашақта адамдарға пайдалы сынықшы болатынын жеткізген екен.

"91 жылы туған сіңлім қасиетті ұстай алмай қайтыс болды. Ол ауыр болады ғой. Көтере алмады. Басқа адамдар оны түсінбеуі мүмкін. Бірақ мен өзім білдім. Ол осы қасиеттің күшін көтере алмағандықтан кетті.

Ол "Мен қыркүйекте сабаққа бармаймын. Ана жаққа кетемін деді. Содан 1999 жылы 9 тамызда дүниеден кетті. Бізге өте ауыр тиді.

Сіңлім маған: "Мына аталар жиналыста айтып отыр, сен бүкіл елге танымал сынықшы, емші, халыққа пайдалы боласың" деді.

Сол кезде мен: "Құдай сақтасын" деп кетіп бара жатқан едім. Ол мені тоқтатып:"Бұл шындық, көресің әлі" деді", - дейді сынықшы өз сөзінде.

Кейіннен адамдарды емдеп бастаған сынықшы өзінде көріпкелдік қасиет барын аңғарған.

Алайда сынық салып, жұртқа пайдалы болуын тоқтатпаған ол осы тылсым қабілеттен айырылған.

"2004 жылдары оған сене бастадым. Басында қасиет көріпкелдікпен келді. Таксиге мінгенде таксист "Қарындас" деп күлсе, "Үш балаңыз қалай, екінші балаңыз қалай? Гүлжан жақсы ма? деп айтып бастап кетемін.
Бірақ дін жолындағы адамдар менің өміріме тектен тек кездескен жоқ қой. Соны тоқтатты. Одан кейін сынық салып, ұшықтап, адам емдегеннен кейін бұдан толық құтылдым", - дейді Айнұр Асқарқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817045-ajnr-askarkyzy-erekse-kasietin-lim-auzyndagy-silisinen-bilgenin-ajtty/

pixel