Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хамитованың досы оның өзіне қол салуына не себеп болуы мүмкін екенін айтты

Опубликовано:

Күні кеше Жанар Хамитованың қайтыс болғаны туралы суыт хабар барша қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Бәрінен де бұл жағдай әншінің жанұясы мен жақын достарына ауыр тиген. Олардың бірі визажист Радик Заитов құрбысының енді бұл өмірде жоқ екенін қабылдай алмай жатқанын жеткізді деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/radik_zait01 Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/radik_zait01 Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жұлдызды бет әрлеуші кезінде қиын жағдайда қалған Жанар Хамитованы отандық әнші Сиви Махмудимен таныстырған болатын.

Заитов марқұм әншінің өзіне қол жұмсауына не түрткі болуы мүмкін екеніне қатысты өз ойын айтты.

"Оны енді қайтара алмайсың. Ол отбасымен тұрып келген адам. Сол себепті, балаларымен бірге болғысы келді. Ол қолындағы барын жанұясы үшін беруге дайын еді.
Бұл жайт не себепті болуы мүмкін екенін білемін. Отбасы үшін. Ол жанұясымен болғысы келді. Бірақ, ол жерде меніңше тыйым салынды. Оған қоса, ол балаларын жиі көре алмады" , - деп ағынан жарылды Радик Заитов.

Әншінің досы сұхбаты барысында көз жасына ерік беріп, камера алдында шыдамай жылап жіберді.

Айта кетейік, Superstar.kz байқауының жұлдызы Жанар Хамитова күні кеше сағат таңғы 9:00 шамасында өзінің туған жері Қарқаралыда көз жұмғаны белгілі болды.

Отандық жұлдыздардың бәрі Жанар Хамитовамен қоштасып жатыр. Олардың арасында әншімен бұрын бірге өнер көрсеткен Нұржан Керменбаев та бар.

"Қап-қарашка" лақап атымен танылған әнші марқұм әріптесінің өліміне қатысты пікір білдіріп, "қарыз" дауы туралы қаңқу сөзге жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1817064-hamitovany-dosy-ony-zine-kol-saluyna-ne-sebep-boluy-mmkin-ekenin-ajtty/

pixel