RU
"Жұрттың сөзі ауыр тиді": Сиви Махмуди Жанар Хамитованың сырымен бөлісті

"Жұрттың сөзі ауыр тиді": Сиви Махмуди Жанар Хамитованың сырымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Сиви Махмуди Жанар Хамитовамен соңғы кездесуін есіне түсіріп, құрбысының өзіне айтқан сырымен бөлісті деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Фото: Instagram/sivi_makhmudi. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/sivi_makhmudi. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қарағандылық ару өнерден кеткісі келетіні мен жұрттың сыны өзіне ауыр тиіп жатқанын жеткізген.

"Жанар ұзақ үзілістен кейін ел алдына шығып, сұхбат бергеннен кейін терең күйзеліске түсті. Менің ойымша, ол дайын болған жоқ. Бекер болды.

Ал өнерде мақсаттары көп еді. Мменімен әңгімесінде "өнерден кетемін, ешқандай жұмыс жасамай-ақ қояйық" деді.

Өзінің маған айтқан сөзі - "Өнердегі сынға шыдай алмаймын, жұрттың сөзі мен комментарилері маған ауыр тиіп жатыр. Алшақтап кетіппін, үйрене алмай жатырмын" , - деді Сиви Махмуди.

Сиви Махмуди қазіргі таңда Жанардың туған жері Қарқаралыға аттанған. Ол құрбысының жерлеу рәсіміне қатыспақ.

Айта кетейік, Жанар Хамитованың қайтыс болғаны күні кеше белгілі болды. 30 жасында өмірден өткен әншімен өнердегі барша әріптестері қоштасып жатыр. Олардың арасында Жанарды қанатының астына алған Сиви Махмуди де бар. Әншінің марқұм болған құрбысына арнаған жазбасы елді жылатты.

Сіздің реакцияңыз
7
2
1
25
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel