Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Хабар» агенттігі Instagram желісінде тележүргізушілерге конкурс-кастинг жариялайды

Опубликовано:

«Хабар» Агенттігі өз телеарналарында тележүргізушілерге конкурс-кастинг жариялайды. 2019 жылдың 17 қыркүйек пен 23 қазан аралығында іріктеу кезеңінің үш сатысы instagram желісіндегі live режимінде жүзеге асатын болады.

«Хабар» агенттігі instagram желісінде тележүргізушілерге конкурс-кастинг жариялайды

«Хабар» Агенттігі», өз жұмысына үнемі жаңашылдық енгізу арқылы, уақыт пен заман ағымына сай үздіксіз ілгері дамып келеді. Осы жаңа маусымда біз қатарымызға кәсіби тележүргізушілерді қосқымыз келеді. «Хабар» - бұл үлкен мектеп, теңдесіз бастама. Бүгінде танымал тұлғалардың басым көпшілігі өз жолдарын осы жерден бастаған. Олардың барлығы жас журналистерге үлгі»,- деді «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожин бүгінгі конкурстың бастау алғанына арналған баспасөз отырысында.
«Жаңа арна айналарын табу - Агенттіктің басты мақсаты. Бұл - кәсіби, жалпы қазақстандық кастинг. Арнайы сарапшылар тобы «Хабар» телеотбасылық ұжымында жұмыс істеуге лайық деп санаған ең мықты тележүргізушілерді таңдайтын болады»,- деп сөзін аяқтады.

Конкурстың негізгі талаптары:

  • Кастингке кәмелеттік жасқа толған, Instagram желісінде аккаунты бар, кез келген азаматтар қатыса алады
  • Конкурсқа қатысу – тегін
  • «Хабар» Агенттігінің көркемдік кеңесінің мүшелері мен арнайы сарапшылар тобы барлық іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын анықтайтын болады
  • Іріктеу кезеңінің келесі сатысына кастингтің өткен кезеңінен мүдірмей өткен  финалистер ғана қатыса алады
  • Конкурстың талаптары мен ережесі туралы толығырақ www.khabar.kz. сайтында

Конкурс тәртібі:

  1. Кастингтің бірінші кезеңінде іріктеу қатысушы Instagram-дағы жеке аккаунтында ұзақтығы 1 (бір) минуттан аспайтын бейнежазбаны жариялап, онда не себепті өздерінің дәл «Хабар» Агенттігі бағдарламаларының жүргізушісі болуы тиістігін негіздей алуы тиіс. Instagram-дағы бейнежазбаның сипаттамасында қатысушының тегі, аты, әкесінің аты, толық жасы мен #Хочуработатьнахабаре және #Хабардақызмететкімкеледі хэштегтері көрсетілуі керек. Бірінші кезең - 2019 жылдың 16 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өткізіледі.
  2. Сарапшылардың іріктеуінен келесі кезеңге өткен қатысушы Instagram-дағы жеке аккаунтында ұзақтығы 1 (бір) минуттан аспайтын өз қаласындағы оқиғалар желісін баяндауы тиіс. Оқиғаны және түсірілім стилін таңдау қатысушысының өз еркінде. Аталмыш бейнежазбаны қатысушы Instagram-да #Хочуработатьнабаре2 және #Хабардақызмететкімкеледі2 хэштегтерімен көрсетуі тиіс. Бұл екінші кезең -2019 жылдың 7 қазан-14 қазан аралығында өткізіледі.
  3. Аяқтаушы болып табылатын кастингтің үшінші кезеңінде - қатысушы сынақ бейнежазбасына келіп, түсуі керек. Соңғы болып табылатын үшінші кезең - 2019 жылдың 14 - 23 қазан аралығында өткізіледі.

Конкурстың жеңімпаздары арнайы сарапшылар тобымен анықталып, 2019 жылдың 23 қазанында жарияланатын болады.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817077-habar-agenttigi-instagram-zelisinde-telezrgizusilerge-konkurs-kasting-zarialajdy/

pixel