RU
"10 мың доллар бергендер болды": Танымал сынықшы ең жоғарғы табысын атады

"10 мың доллар бергендер болды": Танымал сынықшы ең жоғарғы табысын атады

Рассказать Вконтакте

Ақтаулық белгілі сынықшы Айнұр Асқарқызы Астана арнасының "Оңай емес" бағдарламасына қонаққа келді. Сұқбат барысында емші сынық салып жүргенде алған ең қомақты қаржысын атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

15 жылға жуық сынық салып, адамдарды емдеп жүрген кәсіби сынықшы ең үлкен табысын атады.

Айнұрдың сөзінше, ол бірде он мың доллар, бірде миллион теңге алған екен.

"Мен сынықты сатқан жоқпын. Сынық 5 мың теңге, не 2 мың теңге тұрады деп еш уақытта айтқан жоқпын. Біреу мата қойды, біреу тиын қойды.

Миллион берген адамдар бар, он мың доллар бергендер де бар. Ештеңе бермеген адамдар да бар.

Мен оған ренжімеймін. Ол, мүмкін, олардың білместігінен болар. Бірақ бірдеңе беру керек. Құр қолға бата жүрмейді дейді ғой.

Мен оған энергия салдым, оны алмасам, мен де шаршап қаламын. Дегенмен, көп адам келіп жатады ғой.

Мысалы, екі адам ештеңе қоймай, үшінші адам бірдеңе қойып кетсе, мынаны мынау жауып кетеді", - дейді сынықшы.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
1
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel