RU
Шамалғандағы апат: Пойыз жолаушылары оқиға жайлы келесі күні бір-ақ білген

Шамалғандағы апат: Пойыз жолаушылары оқиға жайлы келесі күні бір-ақ білген

Рассказать Вконтакте

Шамалғандағы бекетте автобуспен соқтығысқан пойыз 17 қыркүйек күні таңертең соңғы белгіленген пункті - Қостанай қаласына жетті деп хабарлайды "Костанайские новости" баслымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: kstnews.kz

Фото: kstnews.kz

Басылымның хабарлауынша, жолаушылар құрамының басым бөлігі апатқа түскендері жайлы мүлде білмеген.

Кішігірім соққыны тек бірінші вагондағылар сезген. Ал кенеттен болған тежелу ешкімге күдік ұялатпапты.

Жолаушылардың бірінің сөзінше, ол ұйқыға арналған маска тағып, құлаққап киіп жатқан. Жігіт дүмпуді сезгенмен, оған назар аудармай, құлаққап пен масканы шешуді ойламапты.

Көптеген жолаушылар соққы жайлы тек бір тәуліктен кейін білген. Сол себепті транспорттың ішінде топалаң болмаған.

Басылымның мәліметінше, пойыз апаттан кейін шамамен бір сағат өткен соң өз жолымен жүре берген.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні, Шмалғанда жантүршігерлік апат болды. Жолаушы тасымалдаушы пойыз өткелде тұрған автобуспен соқтығысып қалды.

Жолаушылар автобусында апат кезінде 67 адам болған.

Автобус жүргізушісі қайтыс болды. Ал ауруханаға 3 және 5 жастағы қыздарымен бірге бір әйел адам жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel