RU
Ұзын көйлек киіп, орамал таққан Бузова көпшіліктің ашуына тиді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ұзын көйлек киіп, орамал таққан Бузова көпшіліктің ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Ресейлік "Дом-2" бағдарламасының бұрынғы жұлдызы, әнші Ольга Бузова Instagram желісіндегі парақшасында мұсылман әйелдерге арналған киім киген суретін жариялады. Оның қасында мемлекеттік Думаның депутаты Адам Делимханов болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бузова Рамзан Қадыровтың қызы Айшат басқаратын Шешенстандағы сән үйіне жабық киіммен келген.

Кадрдан ашық киіммен жиі көзге түсетін әншінің депутат Адам Делимхановпен суретке түскенін, артқы фонда атақты Тиматидің тұрғанын байқауға болады.

Әлеуметтік желідегі жазбасында Бузова Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров пен оның қызы Айшатқа алғыс айтуды ұмытпаған.

Өнер иесінің бұл суреті желі оқырмандарының наразылығын тудырды.

Олар үнемі ашық киіммен жүретін әншінің "екіжүзді" екенін жарыса жазған.

"Мұсылман әйелдерінің мерекесіне қалайша Бузованы шақыруға болады?", "Ольга, егер сен ислам дінін қабылдамасаң, неге мұсылмандардың киімімен тұрсың", "Қай жерге барсаң хамелеондар жүреді", - деді әртістің тыңдармандары.
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel