RU
"Мойнына қан тамуы тиіс": Суицидке бел буған адамды құтқару үшін не істеу керек?

"Мойнына қан тамуы тиіс": Суицидке бел буған адамды құтқару үшін не істеу керек?

Рассказать Вконтакте

Өмірден түңіліп, тағдырына налып жүрген жандар суицид жасауға алдын ала дайындалады. Оған психологиялық тұрғыда көзқарасын өзгертіп, өлімнен бас тарту үшін міндетті түрде көмек пен қолдау қажет. Ал өз-өзіне қол салуға бел буған жанды ажалдан арашалау үшін не істеу керек? Көпшілік біле бермейтін ырым жайлы отандық журналист Ғалия Шаудырбаева өз Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: focus.ua

Көрнекі фото: focus.ua

Журналистің айтуынша, адамның өлімге құштар болып жүргенін мезгілінен бұрын аңғаруға болады.

"Адам асылып, атылып өлуге дайындалады. Бірақ ол басқаларға байқалмайды... Мысық, күшікті аянбай, өлтіре салады. Кейде қайтқан адамды "бірнеше рет құтқарып ек" деп отырады ел...",- дейді ол.

Осы тұста Шаудырбаева ел арасында көп танылмаған ырым жайлы сөз етті. Ол ажалға асыққан жанның орнына малды құрбандыққа шалу қажеттігін түсіндірді.

"Менің үлкендерден естігенім бар. Егер адам бойынан осындай әрекет байқалса, құрбандық шалу керек.

Ол үшін адамды мал бауыздайтын жерге тізерлеп отырғызады. Сосын малды бауыздағанда оның қаны адамның мойнына тамуы тиіс...

Бұл ырымды естігендер де, естімегендер де бар шығар...Әкемнен естігенім... Менің ағам да аяқ астынан кеткен еді",- деді журналист.
Фото: Скриншот Facebook

Фото: Скриншот Facebook

Сіздің реакцияңыз
1
4
0
7
4
2
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel