RU
Қостанайда еліміздегі ең бай кәсіпкерлердің біріне қатысты сот басталды

Қостанайда еліміздегі ең бай кәсіпкерлердің біріне қатысты сот басталды

Рассказать Вконтакте

Қостанайда Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі Василий Розиновке қатысты сот отырысы басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Василий Розинов. Фото: Сергей Миронов/kstnews.kz

Василий Розинов. Фото: Сергей Миронов/kstnews.kz

Василий Розиновқа ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды.

Ол кінәсін мойындаған жағдайда, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Еске салайық, 2016 жылы Еуразиялық банк "Иволга Холдинг" ЖШС-ны ірі қарыздар бойынша банкрот деп жариялау туралы сотқа жүгінген болатын.

Бірақ өтініш қанағаттандырылмады.

Кейін серіктестіктің бас директоры өзгеріп, 2018 жылы компания таратылды. Оның орнына "Олжа Агро" ЖШС құрылды.

Айта кетейік, Розинов елдегі ең бай 50 кәсіпкердің тізіміне кірген.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel