Выйти
RU

"Алланың мейірімділігін есіңе ал": Путин қасиетті Құраннан мысал келтірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей президенті Владимир Путин Сауд Арабиясындағы мұнай нысандарына жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді. Ол өз сөзінде қасиетті Құраннан үзінді келтірді деп хабарлайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

"Мұсылман халқы көп Түркия елінде жүріп, қасиетті Құранның жолдарын еске түсірмеуге болмайды. Онда "Алланың мейірімділігін естеріңе алыңдар. Сендер бір кездері жау болғансыңдар, Алла сендердің жүректеріңді табыстырып, бауырға айналдырды" деген. Міне, барлығы осыдан басталу керек деп есептеймін",- деді Путин РФ-Түркия-Иран саммитінің нәтижесі бойынша баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, 14 қыркүйек күні Сауд Арабиясының мұнай нысандарына шабуыл жасалды.

Осы оқиғадан кейін ірі экспорттаушы, мұнай өндірісіндегі үздік үштік қатарындағы мемлекет өндірістің тәулігіне 9,8 млн баррельден 5,7 млн баррельге төмендеп кеткенін айтты.

Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясы қарсы соғысатын йемендік көтерілісшілер-хуситтер бұл шабуылды ұшқышсыздардың көмегімен жасағанын түсіндіріп отыр.

Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео шабуылдың Йеменнен жасалғанына дәлел жоқ екенін көрсетіп, кінәні Иранға артты. Тегеран бұл айыптауды теріске шығаруда.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Алланың мейірімділігін есіңе ал": Путин қасиетті Құраннан мысал келтірді