Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәдениет үйі": Ауыл өнерпаздары туралы жаңа комедия көрерменге ұсынылмақ

Опубликовано:

«Хабар» Агенттігінің тапсырысымен, ауылдың тыныс-тіршілігі мен ондағы өнер саласының қайта жандануы жайында жаңа телехикая түсірілді.

Ауыл өнерпаздары жайлы жаңа комедия
Фото: Кадр со съемочной площадки: Facebook

Бүгінгі таңда «Мәдениет үйі» деп аталатын комедияның түсірілім жұмысы толығымен аяқталып, өңдеу жұмыстары өтуде. Туынды 23 қыркүйектен бастап көрермен назарына ұсынылады. Картинаның бас продюсері – Толқын Сейдоллақызы.

Ауыл өнерпаздары жайлы жаңа комедия
Фото: Кадр со съемочной площадки: Facebook

Алып шаһар Алматының жүрегінде орналасқан өнерлілердің ордасы – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы. Қашан да қызыққа, қиял мен шексіз шығармашылыққа толы. Кеше ғана өнер академиясының табалдырығын аттаған студенттер, бүгінде тәжірибеден өтуге шалғайдағы ауылдардың өнер ұжымдарына аттануда.

Ауыл өнерпаздары жайлы жаңа комедия
Фото: Кадр со съемочной площадки: Facebook

«Отырар сазы», «Құрманғазы ұлт-аспаптар оркестрі», филармония секілді өнер шаңырақтарына жолдама алуға кешігіп келген Шұғыланың жолдамасы басқа қызға бұйырады. Ал Шұғылаға алыстағы Төртбұлақ ауылының мәдениет үйінен тәжірибе өту бұйырады.

Ауыл өнерпаздары жайлы жаңа комедия
Фото: Кадр со съемочной площадки: Facebook

Академиялық сахналарды армандаған дирижер қызға «өз ерекшеліктері» бар ауыл мәдениет үйінің тыныс-тіршілігі бастапқыда оғаштау көрінеді. Уақыт өте ортасына деген көз-қарасы өзгерген бойжеткен «сөнуге айналған» «Төртбұлақ этно-фольклорлық ансамблі» жұмысын жандандыруға білек сыбана кіріседі. Жаны өнерге жақын ауыл әкімі де Шұғыланың бастамасына үлкен қамқорлық танытады.

Ауыл өнерпаздары жайлы жаңа комедия
Фото: Кадр со съемочной площадки: Facebook

Нәтижесінде «Төртбұлақ этно-фольклорлық ансамбль» ұжымы - ауыл өнерпаздарының Республикалық сайысында бірінші орын алып, шексіз қуанышқа кенеледі.

Ұлылығымыздың белгісі – ұлы өнерді ұлықтап, ауыл ансамбльіне жан бітірген Шұғылаға Төртбұлақтың тұрғындары дән риза. Ендігі ауыл жұртының әлегі тек бір нәрседе. Қалай да қаладан келген қызды ауылда алып қалу.

Ауыл өнерпаздары жайлы жаңа комедия
Фото: Кадр со съемочной площадки: Facebook

25 бөлімнен тұратын бұл телехикаядан Бекжан Тұрыс, Айдос Бектемір, Гүлжамал Қазақбаева, Райхан Қалиолдина, Шынар Асқарова, Сафуан Шаймерденов, Жалғас Толғанбай, Жұмағали Маханов, Ербол Садырбай, Ақниет Беласар, Рамазан Амантай, Дастан Қасымшал, Шерхан Пірназар, Әйгерім Уәлжанова сынды актерларды көре аласыздар.

Ауыл өнерпаздары жайлы жаңа комедия
Фото: Кадр со съемочной площадки: Facebook

Ауыл өнерпаздары жайлы жаңа комедия
Фото: Кадр со съемочной площадки: Facebook

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817129-mdeniet-ji-auyl-nerpazdary-turaly-zaa-komedia-krermenge-synylmak/

pixel