RU
Нұр-Сұлтанда бұрынғы сүйіктісін топпен зорлаған жігітке үкім шықты

Нұр-Сұлтанда бұрынғы сүйіктісін топпен зорлаған жігітке үкім шықты

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда бұрынғы қызын топпен зорлаған жігітке сот үкімі шықты. Осыған дейін қашып жүрген Шоқан Әбілқасымов елге Қырғызстаннан жеткізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Судья Шаяхметова 17 қыркүйек күні елорданың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Әбілқасымовқа үкім шығарды.

1993 жылы туған жігіт бір топ адаммен бірге адам зорлап, оның денсаулығына абайсызда зиян келтіргені үшін 11 жыл, үш айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол жәбірленуші Раисоваға 1,5 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сотталушы ажырасқан, екі баласы бар.

"Сот Шоқан Әбілқасымовты кінәлі деп танып, Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3- бөлімі 2-тармағына сәйкес 11 жыл үш айға, 121- бап 3-бөлім 2-тармақ бойынша 11 жыл екі айға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.
"Қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға біріктіру жолымен Әбілқасымовқа 11 жыл және 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", -деді судья.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel