Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зорлаған жоқпын": 11 жылға сотталып кеткен жігіт сот залында шу шығарды

Опубликовано:

26 жастағы астаналық азамат өзінің досымен бірге бұрынғы ғашығын зорлағаны үшін 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Нұр-Сұлтан сотында үкім шыққаннан кейін ол наразылық білдіріп, шу шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ааааа
Сот залынан фото: NUR.KZ: Original
"Мен оны зорламағанымды мәлімдегім келеді. Иә, мен онымен бірге тұрдым - арамызда жыныстық қарым-қатынас та болды.

Маған жала жауып, кінәлі деп шығарды. Мен өзімнің балаларым және барша жұрт білгенін қалаймын: мен зорлықшы емеспін!

Барлығы білсін - өзім жапа шектім, менен ақша, пәтер бопсалады, ал ақыры соңында өзімді отырғызып тастады", - деп мәлімдеді Әбілқасымов.

Жәбірленуші Раисова соттан кейін журналистерге айыпталушының сөздері шындыққа жанаспайтынын және ол эмоцияға берілгенін айтты.

Естеріңізе сала кетсек, Шоқан Әбілқасымовтың өзімен бірге тұратын сүйіктісін зорлап, оның денсаулығына абайсызда зиян келтіргені үшін 11 жыл, үш айға бас бостандығынан айырылғаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817169-zorlagan-zokpyn-11-zylga-sottalyp-ketken-zigit-sot-zalynda-su-sygardy/

pixel