Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласында "Кедергісіз келешек" жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті

Опубликовано:

16 қыркүйек күні Қызылорда қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасы Н. Нәлібаев «Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен бірге «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 20-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдады.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Instagram

Қоғамдық қабылдауға келген әр азамат, қала әкіміне Өзін толғандырып жүрген жеке сұрағын және қоғам үшін маңызды мәселелерді көтерді. Қала әкімі көтерілген әр мәселені жіті бақылауға алуды және жедел шешімін табуы тиіс мәселелерді орындауды сала бойынша орынбасарларына, тиісті бөлім басшыларына тапсырды.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Twitter

Осындай кездесулер мүмкіндігі шектеулі азаматтардың нақты сұранысын қанағаттандыруға және «Кедергісіз келешек» Партиялық жобасын жандандыруда пайдасы зор.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Twitter

Қабылдау соңында қала әкімі мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы белсенділігі үшін ерекше алғысын білдіріп, осы бағыттағы жұмыстарды бұрынғыдан да зор жандандыру үшін «Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәкен Алдашбаевқа "Қала әкімінің мүгедектер мәселелері жөніндегі кеңесшісі" куәлігін табыстады.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817183-kyzylorda-kalasynda-kedergisiz-kelesek-zobasy-aasynda-kogamdyk-kabyldau-tti/

pixel