RU
Шамалғанда пойызбен соқтығысу болған жерден тағы бір автобус видеоға түсіп қалды

Шамалғанда пойызбен соқтығысу болған жерден тағы бір автобус видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде Шамалған бекетіндегі жантүршігерлік апат орын алған жерде тағы да жолаушылар автобусы тұрған видео тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/zhest_kz

Видеодан кадр: instagram.com/zhest_kz

Аталмыш бейнежазба Instagram желісіндегі zhest_kz парақшасында жарияланған.

Бейнероликте оның 17 қыркүйек күні сағат 19:05 шамасында түсірілгені келтірілген. Видео бірнеше күн бұрын күллі Қазақстанды дүр сілкіндірген жол апты орын алған жерде тағы да автобус тұрғанын көруге болады. Оған қоса, шлагбаум ашық болғандықтан қоғамдық көлік одан өтіп кеткен.

Желі қолданушылары бұл жайтқа қатысты өз наразылығын білдіріп, керіп пікірлерін қалдыруда.

"Бұл не автобус жүргізушілері арасындағы жаңа челлендж ба өзі?" , "Айтым осы жүргізушілерді тәртіпке салу керек" , "Жабық тұруы керек шлагбаум қайда сонда?", "Арақашықтық кемінде 15 метр болуы тиіс" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
2
7
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel