RU
Нұр-Сұлтанда жоғалған барменнің өз компьютерінде не жасырғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтанда жоғалған барменнің өз компьютерінде не жасырғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда 24 жастағы бармен Ануар Байзуровты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Туыстары Ануар туралы қандай да бір ілігерлік ақпарат табу үшін оның компьютерін бұзған деп хабарлайды "Астана" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/_astana_volontery_lider.kz

Фото: Instagram/_astana_volontery_lider.kz

Кеше полицейлер жоғалған азаматтың ұялы телефонын тапты. Анықталғандай, оны жігіттің өзі сатып жіберген болып шықты. Сауда нүктесінің иесі мен бейнекамералар да телефонын саудаға салған нақты сол екенін көрсетіп отыр.

Тәртіп сақшылары жігіттің ойынқұмар болуы мүмкін деген пікірді теріске шығармайды. Себебі, ол ойын клубтарында көп бой көрсеткен.

Одан бөлек, полицейлер азаматтың бармен болып жұмыс істегеніне күмән тудырып отыр. Еріктілермен бірге іздеу жұмысы жүргізілген уақытта елордалық барлар мен кафелердің көбінде оны танымайтын болып шыққан. Ал Ануардың жақындары оның қайда жұмыс істегенін де білмей отыр

Ануардың анасы ұлынан ойынға деген құмарлық байқамағанымен, азғантай күдік болғанын айтады. Сол ақпаратты түбегейлі анықтау үшін туыстары оның компьютерін бұзуға мәжбүр болған.

"Біз оның "Олимптегі" логинін бұздық. Бірақ, онда қомақты ұтыстар болмай шықты. Барлығы аз. Аз сомалар: 2000,1000 теңге",- деді Ануардың анасы Амина Ибраева.

Ануарды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, 24 жастағы бармен 6 қыркүйек күні жоғалып кетті. Одан әлі күнге дейін еш хабар жоқ.

Сіздің реакцияңыз
1
4
0
7
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel