Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жерді қазып, шешіндіріп, көмді": Қостанайлық жәбірленуші секс-құлдық туралы айтты

Опубликовано:

Қостанайда секс-құлдық туралы іс қаралып жатыр. Кәмелет жасына толмағандарды қосқанда 20 қыз зардап шеккен. Кінәлі деп бес адам айыпталуда. Құрбандардың қандай жағдайда эксплуатацияға тап болғаны анықталды деп жазады Alau.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

"Дамыту" ҚҚ төрағасы Нина Косюктың айтуынша, қаскөйлер отбасылық, қаржылық мәселелері бар жас қыздарды таңдап, сутенерлерге сатқан.

Зардап шегуші бойжеткендердің бірі 20 жасында құлдыққа қалай түскенін айтып берді.

Оған дейін ол Қостанай облысында күйеуі және баласымен тұрған. Жолдасы қайтыс болған соң, қалаға ақша табуға келіпті. Белгісіз жігіт оны жұмысқа тұрғызбақ болған.

Келіншек қандай жұмыс екенін жұмыс орнына келгенде бір-ақ білген екен. Алайда ол кете алмаған.

Секс-құл өздерін қорқытып-үркіту, ұрып-соғу арқылы ұстағанын айтты. Қашуға оқталғандарды қинаған.

"Олар мені ұстап алған кезде орманға апарды. Қазан айы болатын, олар мені жерді қазуға мәжбүрледі, мен қаздым, сосын маған шешін деді. Содан кейін осы шұңқырға мені көміп, қар араласқан топырақ тастады", - деді жапа шегуші.

Кейінірек оны қайтадан шығарып алған.

Іс бойынша сот жабық режимде өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817249-zerdi-kazyp-sesindirip-kmdi-kostanajdagy-seks-kldyk-turaly-zbirlenusi-ajtty/

pixel