Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда коммуналдық қызметкер қайғылы жағдайда көз жұмды

Опубликовано:

Павлодарда кәріз жүйесін жөндеп жатқан коммуналдық қызмет жұмысшысы мерт болды деп хабарлады өңірдің полиция департаменті Sputnik Қазақстанға.

r2h3p
Көрнекі фото: old.baq.kz: Twitter

Қайғылы оқиға сағат 11.00 кезінде 1 мая және Ломов көшелерінің қиылысында болған.

Марқұмның әріптестері, жұмыс кезінде қатты қысымнан құбыр жарылып, кәріз суының қатты ағыны 22 жастағы жұмысшыны алып кетіпті.

Басқа жұмысшылар жігітті ес-түссіз күйінде алып шығып, тез арада жедел жәрдем шақырады.

Оған алғашқы көмек көрсетілгенімен, Ақсу қаласының тумасы сол жерде жан тапсырған.

Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1817251-pavlodarda-kommunaldyk-kyzmetker-kajgyly-zagdajda-kz-zmdy/

pixel