Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот отырысынан кейін Гүлнар Каримованы белгісіз бағытқа алып кетті

Опубликовано:

Кезекті сот отырысынан кейін Гүлнар Каримованы белгісіз бағытқа алып кетті. Бұл жайында Каримованың швейцариялық адвокаты Грегуар Манжа өз Twitter парақшасында айтты деп хабарлайды Ц-1 сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Гүлнар Каримова. Фото: zimbio.com
Гүлнар Каримова. Фото: zimbio.com: UGC

Өзбекстанның марқұм президенті Ислам Каримовтің қызының ісі бойынша кезекті сот тыңдалымы Ташкенттің Яшнабад ауданында 16 қыркүйек күні өтті.

Гүлнар Каримованың адвокаты Грегуар Манжидің сөзінше, оның екі апта бұрын берілген ресми сұранысы бар болғанымен өзі сот залына кіре алмаған.

Дәл осы мәселемен Каримованың қызы да кезіккен.

"Өзбек адвокаты бұл жайлы (сот тыңдалымы-ред) бүгін ғана білді ғой деймін",- деп жазды ол.

Адвокаттың айтуынша, Каримованы тыңдалымнан кейін белгісіз бағытқа алып кеткен. Марқұм президенттің қызы қайда екенінен жақындары мен туыстары да бейхабар.

Әзірге Өзбекстан Бас прокуратурасынан ресми ақпарат жоқ.

19 тамыз күні елдің Бас прокуратурасы бұрынғы "өзбек ханшайымына" қатысты жаңа істер қозғалғанын мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817253-sot-otyrysynan-kejin-glnar-karimovany-belgisiz-bagytka-alyp-ketti/

pixel