RU
"Тілекші болған едім": Оразалин қола медаль жеңіп алған Айнағұловты құттықтады
Жаңалықтар Қоғам

"Тілекші болған едім": Оразалин қола медаль жеңіп алған Айнағұловты құттықтады

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Мейрамбек Айнағұлов грек-рим күресінен қола медаль иеленді. Балуанның жеңісі күллі спорт сүйер қазақстандықтарға қуаныш сыйлады. Әсіресе жеңімпаздың жерлестері - ақтөбелік жанкүйерлері ерекше қуанғандарын жасырмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мейрамбек украиналық балуан Ленур Темировты 10:0 есебімен жеңіп кеткен.

Осылайша ол мықтылардың басын қосқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Осы орайда Айнағұловты Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өз парақшасында арнайы құттықтады.

"Айналайын, Мейрамбек! Бүгінгі жеңісің құтты болсын! Бұл - жеңіс Ақтөбе өңірі үшін ғана емес бүкіл қазақ елінің қуанышы, мерейі деп білемін.

Күні кеше ғана алғашқы қарсыласыңмен өткен жарысқа өзім қатысып, тілекші болған едім.

Алдағы олимпиадада жұлдызың жарқырап, қазақ елінің көк Туын биіктен желбіретесің деп сенемін. Қуаныш көбейсін, мерейің үстем болсын!", - деп жазды ол Facebook желісінде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel