Сынған шыны жейтін азамат күллі әлемді шошытты (фото)
Опубликовано:
Үндістанның Диндори қаласында Даярам Саху есімді қорғаушы тұрады. Ол бірнеше жылдан бері сынған шыны жеп жүр деп жазады 120.su басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Даярам бұл әрекетін 45 жыл бұрын бастаған, жасы қазір 60-та.
Ол шыны жегеннен үлкен ләззат алады. Бүгінде жасы ұлғайған соң әйнек қалдықтарын жеуді азайта бастаған.
Адвокаттың айтуынша, шыны жегеннен оның денсаулығына еш зақым келмеген. Тек тісі ғана зардап шеккен. Алайда ол адамдарды өзінің әрекетін қайталамауға шақырады.
Сынған шыныны жеу ер адамның жеке өміріне де кері әсерін тигізбеген.
Үйленген соң күйеуінің не жеп отырғанын көрген әйелі бастапқыда шошығанымен, артынша үйреніп кеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817259-syngan-syny-zejtin-azamat-klli-lemdi-sosytty-foto/