Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала мұрт": Мектеп бітіру кешіндегі Айдар Тұрғамбек қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек мектеп бітіру кешіндегі суретімен бөлісіп, көпшілікті күлкіге қарық қылды. Желідегілер арасында қазіргі таңда жұлдызға айналған өнер иесін танымай қалғандар да болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес өкілі жас кезіндегі фотосын Instagram желісінде жариялады. Аталмыш суретте Айдар Тұрғамбек сыныптасымен бидің түбін түсіріп жатыр.

"Мына жігітті таныдыңыздар ма? Мектепті бітіру кешінде, Меруерт деген сыныптасым екеуміз, биді жіберіп тұрған кез ғой" , - деп жазып қойған әнші.

Желі қолданушылар өзінің бұрынғы түрін көрсеткен эстрада жұлдызын қызу талқылап, оған қатысты өз пікірлерін қалдыруда.

Олардың қатарында Айдардың өнердегі әріптестері де бар.

"Бала мұрт қалай?" , - деп жазды Сәкен Майғазиев.
"Сол жылдары осындай ақ көйлек пен қара жилетка кию xит болған" , - деп пікірін білдіре кетті Асхат Садырбай.
"Аға, сіз өзгермейсіз. Әлі сондай әдемісіз" , - деп айтты Бейбіт Кушкалиев.
"Бала мұрт қой, ұстара тиіп көрмеген" , "Мұртыңа қарасам Чарли Чаплинге ұқсайсың" , "Еш өзгеріс жоқ" , "Қартаймайды екенсіз, тамаша" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1817262-bala-mrt-mektep-bitiru-kesindegi-ajdar-trgambek-kyzu-talkyga-tsti-foto/

pixel