RU
Көкшетаулық қыз 16 жастағы құрбысына удай мас болғанша ішімдік берген
Жаңалықтар Қоғам

Көкшетаулық қыз 16 жастағы құрбысына удай мас болғанша ішімдік берген

Рассказать Вконтакте

Көкшетаудағы полиция бөлімшесіне ішімдікке сылқия тойған қыз жеткізілді. Кәмелетке толмаған ару өзін бұл жағдайға құрбысы жеткізгенін айтты деп хабарлайды Newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

16 қыркүйек күні түнде облыстық полиция бөлімшесіне жолда жалғыз жүрген қыз жеткізілді. Ару мас күйде болған.

"Түсіндіру жұмыстары кезінде қыздың 16 жаста екені анықталды. Колледжде білім алатын бойжеткенге 19 жастағы құрбысы жалға алған пәтерде алкоголь ішіп көруді ұсынған",- делінген хабарламада.

Медициналық тексеріс барысында қыздың масаю деңгейі-2, 42 промилле екені анықталды. Жеткіншек сол түні арақ пен сыра ішкенін мойындады.

Тәртіп сақшылары жасөспірімді тұратын жері бойынша заңды өкілдерге жеткізді, олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді және әкімшілік хаттама толтырылды.

Сіздің реакцияңыз
3
2
3
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel