Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анамның арманындағы қыз": Роналду қашан үйленетінін мәлім етті

Опубликовано:

34 жастағы Криштиану Роналду қашан ресми түрде бойдақтар қатарынан шығатынын мәлімдеді. Әйгілі футболшы өзіне қыз бала сыйлап, өзге үш перзентіне қамқор болып отырған сүйіктісі Джорджина Родригеске қашан үйленетінін айтты деп жазады spletnik.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: hellomagazine.ru
Фото: hellomagazine.ru: Instagram

Жеке өмірі жайлы сыр ақтармайтын аяқдопшы бұл жолы ағынан жарылды. Роналду ғашығы екеуінің болашаққа қойған жоспарымен де бөліскен.

"Ол маған өте жақсы көмектесе алды. Әрине, оған ессіз ғашық екенім рас. Қуанышты күндердің бірінде үйленетін боламыз. Бұл нақты шешім. Оған қоса, ол менің анамның арманындағы қыз" , - деді Криштиану Джорджина жайлы.

Сонымен қатар, танымал шабуылшы Джорджина ол үшін сүйіктісі ғана емес, сырлас досы екенін де жеткізді. Футболшы тек ғашығына ғана сене алатынын айтты.

Роналду қызының анасымен жеке болғанда оған бар жан дүниесін ашып, сырын ақтара алатынын мойындады.

Айта кетейік, қос ғашық бүгінде төрт баланы тәрбиелеп отыр. Олардың ішінде тек Алана-Мартина есімді қыз бала олардың ортақ перзенті болып табылады.

Қалған екі бүлдіршін мен футболшының үлкен ұлын дүниеге суррогат ана әкелген.

Фото: Instagram/georginagio
Фото: Instagram/georginagio: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1817273-kristianu-ronaldu-sjiktisine-kasan-jlenetinin-ajtty/

pixel