"Саунаға барыпты": Күйеуінің көзіне шөп салғанын білген әйел мұңын шақты
Опубликовано:
Сүйіктісімен бір жыл бұрын көңіл жарастырып, шаңырақ көтерген әйел бүгінде қалың мұңның шырмауына түскен. Оған себеп- бір қызы мен бір ұлының әкесі, адал жарының көзіне шөп салғаны. Бұл туралы әйелдің өзі Instagram желісіндегі "Әйел құпиясы" парақшасында баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Бөлелеріммен туған күн тойлаймыз, үйде отырамыз деп кеткен. Бірақ, саунаға барыпты, ештеңе болған жоқ деп ақталады. Мен мүлде жаман ойламаппын, хабарласып мазаламадым. Ата-енем ұлының сөзін сөйлейді", -деп бастады ол әңгімесін.
Сондай-ақ, келіншек өзінің сымбаты келісті екенін де түртіп өтті.
"Жаратқаннан сабыр тілеймін. Жақсы әйелден еркек кетпейді дейтін шығарсыздар, ол қате. Мен өз-өзіме қарап жүремін, әдемі киімдер кию жағынан мүлде проблема жоқ. Менің түсінгенім-әйелдің көрген күні қорлық. Ал еркектерге бәрібір",- деді екі баланың анасы.
Осылайша, не істерін білмеген әйел жұрттан кеңес сұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817274-saunaga-barypty-kjeuini-kzine-sp-salganyn-bilgen-jel-myn-sakty/