Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты күйзелісте жүрсіз бе?

Опубликовано:

Бұл заманда стресске түспейтін адам кемде-кем. Жұмыста, қоғамда, отбасында күйзелдіретін жағдай жиі кездесе ме? Көңіл күйіңіз жиі ауытқи ма? Бірдеңе істеуге деген құлшынысыңыз азайды ма? Енжарлығыңыз артып бара ма? Ендеше КТК арнасы ұсынған төмендегі тестің көмегімен  стресске түспен-түспегеніңізді анықтап көрейік. Жауап беріп, санап, қорытынды жасап көріңіз.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

І. Хал-ахуалдағы белгілер.

1. Дененің әр жері ауырады. (Арқа, асқазан, түсініксіз ауырсыну, әсіресе бас ауруы)

2. Қан қысымының жоғарылауы немесе төмендеуі.

3. Ас қорыту процесінің бұзылуы.

4. Бұлшықеттің тырысуы. 

5. Аяқтағы діріл немесе сіңірдің түйілуі.

6. Аллергиялық сипаттағы бөртпелер.

7. Салмақ қосу немесе жоғалту.

8. Себепсіз терлеу.

9. Ұйқының, тәбеттің бұзылуы.

10. Жыныстық белсенділіктің бұзылуы.

II. Эмоциялық белгілер.

1. Күйгелектік, артынша тез ашулану.

2. Селқостық.

3. Үнемі жабырқау, депрессия.

4. Мазасыздану.

5. Жалғыздық сезімі.

6. Кінәлі сезіну.

7. Өзіңе көңілің толмау.

III. Мінез-құлық белгілері.

1. Күндегі істеп жүрген жұмыста қателік жібере беру.

2. Сыртқы келбетіне назар аудармау.

3. Ұйқының, тәбеттің бұзылуы.

4. Темекіні әдеттен көп шегіп, ішімдік ішуді жиілету.

5. Жұмыста немесе отбасында жанжалдың артуы.

6. Шамадан тыс көп еңбектену.

7. Күйгелектік.

8. Уақытым жетпейді деген мазасыз ой.

IV. Интеллектуалдық белгілер.

1. Ойын жинақтай алмау.

2.Еске сақтау қабілетінің бұзылуы.

3. Бір проблеманы қайта оралып келіп ойлай беру, түкке қажетсіз нәрселерді ойлау.

4. Шешім қабылдауда қиналу.

5. Басыңа жиі небір жаман ой келу.

Хал-ахуалдағы белгілер бойынша әр «ИӘ» деген жауапқа – 2 балл қойылады.

Эмоциялық белгілер бойынша әр «ИӘ» деген жауапқа 1,5 балл қойылады.

Мінез-құлық белгілері бойынша әр «ИӘ» деген жауапқа 1 балл қойылады.

Интеллектуалдық белгілер бойынша әр «ИӘ» деген жауапқа 1 балл қойылады.

Жауаптардың ұпай саны:

0-5-тен - стресс жоқ.

6-12 аралығында - қалыпты стресс.

13-24 аралығында - өте жоғары дәрежеде. Емделіңіз.

25-40 аралығында – ағзаңыз сарқылып, түгесілуге жақын. Дереу емделіңіз.  

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817279-katty-kjzeliste-zrsiz-be/

pixel