Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегейдің екінші әйелі оны "тақсыр" деп атайтынын жасырмай айтты

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Абай Бегейдің екінші жары Фариза отағасын қалай атайтынын мәлім етті. Оған қоса, өнер иесінің әйелі сүйіктісіне "сіз" деп сөйлейтін болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегей үшін аса ауыр кезеңде қасынан табыла білген ару оны "тақсыр" деп атайтынын жеткізді. Ол ғашығын дәл осылай атау өзінің қалауы екенін түсіндірді

Оған қоса, Фариза әншінің отбасылық өмірде қандай адам екенін де жасырмай айтып берді. Оның БАҚ өкілдеріне берген алғашқы сұхбатының үзіндісі "Бір сұрақ" бағдарламасының Instagram парақшасында жарияланған.

"Жақсы отағасы, жұмсақ адам. Қыздарды көп еркелетеді. Кейде ұрысып қаталдық танытады. Ол кісіні "тақсыр" деп атау өзімнің қалауым. Атымен атамаймын.
Кейде қалжыңдап, "Абай аға" дейтінім бар. Сіз деймін. Басында бір түрлі болған шығар, бірақ кейін үйренісіп кетті. Бәрі таңғалады, күледі. Кейін үйренеді" , - деді Фариза.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1817281-abaj-begejdi-ekinsi-jeli-ony-taksyr-dep-atajtynyn-zasyrmaj-ajtty/

pixel