Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында анасы мен қызын туысқаны өлтіргенін мойындады

Опубликовано:

Алматы облысындағы анасы мен қызының өліміне қатысты жаңа деректер шықты. Олардың қанға боялған мәйіттерін көршілер үйдің ауласынан тауып алған еді. Бірнеше сағаттан соң полиция күдіктіні қолға түсірді. Тұтқындалған әйел адам өзінің әрекетін түсіндірді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видео кадрдан
Видео кадрдан: UGC

Ауыр қылмыс 16 қыркүйек күні Бәйдібек би ауылында болған. Жергілікті тұрғындар пышақтап өлтірілген анасы мен қызын ауладан тауып алған.

Полиция күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол марқұмдардың туысы болып шыққан.

Белгілі болғандай, қайтыс болғандардың біреуі сиқырмен айналысыпты.

Оған ауылдың бүкіл тұрғыны жүгінеді екен. Оның 45 жастағы туысқаны да басы үнемі ауыратын болған соң барған.

"Мен оларға бардым, ол маған қарады. Мені емдеу мүмкін емесін, мәселе менің басымда екенін және психикамның бұзылғанын айтты. Ешқашан адам болмайтынымды айтты.
Бұл маған ұнаған жоқ, дәл сол кезде өзіммен не болғанын білмеймін", - деді күдікті.

Әйел өзінің іс-әрекетіне есеп бермегенін айтты. Болған оқиғаны толығымен баяндап та бере алмайды. Тек пышақ сұққаны ғана есінде қалған.

Әйел өзінің туыстарына бірнеше рет пышақ сұғып, ауылдың шетіне қашып кетіп, сол жерде қолға түсті.

Жергілікті тергеуші Дамир Мірқасымовтың сөзінше, тұтқындалған азаматшаның байланысқа түсуі қиын болса да, адам өлтіргенін мойындап отыр.

Әйелдің психикалық ауытқушылығы бар екені анықталды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817292-almaty-oblysynda-anasy-men-kyzyn-tuyskany-ltirgenin-mojyndady/

pixel