Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуразиялық банктің сенімділігін бағалау артты

Опубликовано:

Moody ' s Investors Service fitch Халықаралық рейтинг агенттігі Еуразиялық банкке B2 деңгейінде ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер бойынша рейтинг берді, ол осыған ұқсас B, S&P және B Fitch рейтингтеріне сәйкес келеді. Банктің даму болжамын агенттік "тұрақты" деп белгіледі.

Еуразиялық банктің сенімділігін бағалау артты

Moody ' s сарапшыларының пікірі банктің қаржылық есептілігін мұқият талдауға негізделген. Агенттік сарапшылары банктің түрлі бизнес сегменттеріндегі бәсекеге қабілеттілігін талдап, клиенттік база құрамын, өнімдік, тарифтік торларын және жасалған мәмілелерін зерттеді. Осыған қосымша, Moody ' s Еуразиялық банктің тәуекелдерді бағалау саясатымен және стратегисымен танысты.

"Біз үшін Moody' s рейтінгі — маңызды оқиға, ол Еуразиялық банктің дамудағы позитивті трендін растайды және оның іскерлік серіктес ретінде сенімділігіне куәлік етеді. Біз Moody 's талдаушыларының Еуразиялық банктың тұрақты табысы мен өтімділгінің мол қоры жайындағы пікірін көрсететін рейтингтік бағалау деңгейін қанағат тұтамыз, бұл өз кезегінде банктің жаңа стратегияны ұйымдастыру мен клиенттерге қызмет көрсету сапасы мен ауқымын жақсарту бойынша жұмымтарын жүргізе отырып тұрақты дамуына мүмкіндік береді", — деді Валентин Морозов, Eurasian Bank басқарма төрағасы.

Еуразиялық банктің ұзақ мерзімді рейтингтерінің тұрақты болжамы бар, ол агенттіктің баспасөз-релизінде айтылғандай "Moody ' s»-тің алдағы 12-18 ай аралығындағы активтер, капитал және өтімділік сияқты несие қабілеттілігі көрсеткіштерінің тұрақтылығына қатысты үміттерін көрсетеді.

Соңғы жылы Еуразиялық банк бөлшек қызметтерді қарқынды дамытуда. Банк тұтынушылық несиелеу нарығында көшбасшылығын жалғастыруда және авто несиелеу, мен өмірді сақтандыру бойынша 1 орында келеді, ал сату орындарында несиелеу бойынша 3-ші орында. Банктің бөлшек қарыз портфелі жалпы қоржынның 70% -ын құрайды, және жыл басынан бері 8% - ға яғни 383,9 млрд теңгеге дейін өсті.

2019 жылғы алғашқы 6 айдың қорытындысы бойынша Еуразиялық банктің таза операциялық кірісі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 32% - ға ұлғайды және 41 млрд теңгені құрады. Нәтижесінде банктің операциялық тиімділігі (Cost/Income) 45,4% - дан 39,1%-ға жақсарды.

Заңды тұлғалардың депозиттері де 01.07.2018 - 01.07.2019 кезең аралығында бірден 60,5% дейін өсіп, 355,9 млрд теңгені құрады. Өтімділікті қамтамасыз ету шығындары 1-ші жартыжылдықта 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 55% - ға қысқарды.

Еуразиялық банк бірқатар мемлекеттік бағдарламаларға қатысады, оның ішінде"7-20-25" және «Баспана хит» ипотекалық бағдарламалары, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру, "Даму" қорының бағдарламалары, сондай-ақ мақсатында отандық автоөндірушілерді қолдау мақсатыцнда Қазақстанның Даму Банкімен бірлесіп іске асырылып жатқан автокредиттеу бағдарламасы да бар. Банк осы мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы үшін мемлекеттік қаражаттан жалпы мөлшері 30 млрд.теңгеден астам ақша бөлінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1817300-eurazialyk-bankti-senimdiligin-bagalau-artty/

pixel