RU
Бас прокуратура Ақжарқынның қай жағдайда елге оралуы мүмкін екенін айтты

Бас прокуратура Ақжарқынның қай жағдайда елге оралуы мүмкін екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәжіліс отырысында Қытайда сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне пікір білдіріп, экстрадиция жасау мүкіндігін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: әлеуметтік желілерден

Фото: әлеуметтік желілерден

"Онда біздің азаматшамыз барын білесіздер. Бүгінде ол үкімге шағым түсіру сатысында тұр. Қытаймен сотталған азаматтарды беру туралы екі жақты келісіміміз бар.
Қытайлық соттың соңғы үкімін күтетін боламыз. Егер ақтап шықса, онда бұл өте жақсы, егер сотталса, оның да, біздің де жазаны одан әрі Қазақстанда өтеуі туралы өтініш жіберуге құқығымыз бар", - деді Марат Ахметжанов.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілген еді.

Биыл 3 қыркүйекте Қытайдың Гуанчжоу қалалық сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша отырыс өтті. Отырыста қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық іс материалдары қаралды. Үкімнің қашан жарияланатыны белгісіз.

Ал 9 қыркүйекте отандасымыздың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан президентіне көмек сұрап хат жазған еді.

Сондай-ақ, Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов істің неге созылып кеткенін айтқан болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана жасалған Қытайға сапарында отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жеке өтінішін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
8
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel