RU
"Ақша керек емес": Шамалғанда көз жұмған азаматтың туыстары шындықты ашты

"Ақша керек емес": Шамалғанда көз жұмған азаматтың туыстары шындықты ашты

Рассказать Вконтакте

Шамалғанда пойыз бен автобус қатысуымен болған жол апатында көз жұмған Нұрғали Тасқалиұлының туыстары басшылар мен әкімдіктегілер көңіл айтып келген жоқ деп ренжіді. Олар "материалдық көмек беріліп жатыр" деген ақпарат та жалған деп отыр. Алайда, қайғыдан қан жұтқан жанұя көмек емес, көңілдің өзі жеткілікті екенін айтады. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Марқұмның қайын ағасы. Фото: Видеодан кадр

Марқұмның қайын ағасы. Фото: Видеодан кадр

Қайғылы қазаға көңіл білдіріп келгендер жайлы марқұмның қайын ағасы Қанат Жарылғасов айтты.

"Ешкім келген жоқ. Телеарна ғана келді. Түсіріп, теледидардан көрсетті, жерледі, сонымен болды. Бізге ақша да, ештеңе де керек емес. Тым болмаса, көңіл айтып келсе болар еді. Анасы - зейнеткер. Жалғыз асырап отырған жігіт еді",- деді ол.

Айта кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған бекетінде пойыз бен автобус соқтығысып қалды. Жолаушылар автобусын тізгіндеген жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.

Тоқаев марқұмның жанұясына көңіл айтты.

Бас көлік прокуратурасы тергеу барысын бақылауға алды.

ҚТЖ Ақсеңгір-Шамалғандағы жантүршігерлік апат қалай болғанын мәлімдеді.

Куәгерлер адамдардың маңызды екенін айтып, әйелін де қоғамдық көліктен итеріп жіберген автобус жүргізушісі туралы айтты.

Сіздің реакцияңыз
6
0
2
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel