RU
Әблязов пен Храпуновқа қатысты материалдар шетелге жіберілмек
Жаңалықтар Саясат және экономика

Әблязов пен Храпуновқа қатысты материалдар шетелге жіберілмек

Рассказать Вконтакте

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәжіліс отырысында Бас прокуратура Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпновтың ісіне қатысты материалдарды шетелдік құқық қорғау органдарына жіберетінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұхтар Әбләзов. Фото: liter.kz. Виктор Храпунов. Фото: factum.kz

Мұхтар Әбләзов. Фото: liter.kz. Виктор Храпунов. Фото: factum.kz

"Екі кісі бойынша (Виктор Храпунов және Мұхтар Әблязов)... Бұл адамдар ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында миллиардтаған қаржыны жымқырған. Бұл Қазақстан аумағында аса ауыр қылмыс болып саналады.
Қазіргі уақытта олар тұрған елдердің құзырлы органдары арқылы жұмыс жүргізілуде. Қылмыстық қуғындау жалғасады", - деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, ол елімізде Әблязовқа қатысты заңды күшіне енген сот үкімі барын айтты.

"Ол тек эконмиколық емес, жалпы қылмыстық іс жасағаны үшін сотталды. Бүгінде Қазақстанға экстрадациялау мақсатында басқа елдермен оларды қайтару жұмыстары жүргізілуде.
"Егер бермесең, онда өзің айыпта" деген қағида бар. Шетелде оларға қатысты шешім қабылдау үшін тиісті органдарға белгілі құжаттар жіберілетін болады. Ақпараттарға сәйкес, ол Францияда", - деді ол.

2018 жылдың 27 қарашасында банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін Мұхтар Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.

Сіздің реакцияңыз
8
1
1
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel