Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұяқты бәтеңкелер": Ерекше аяқ киім жасайтын ару өнерімен әлемді тамсандыруда

Опубликовано:

Америкалық Блэр Ондрле келіншектер мен ер адамдарға арналған аяқ киімдерді ойлап шығарады. Алайда бір қызығы, олардың түгелі дерлік жануарлардың табаны мен аттың тұяғы іспеттес етіп жасалған деп хабарлайды 360tv.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Блэр белсенді түрде өзінің шеберханасында дүниеге келген "туындымен" Instagram парақшасында бөлісіп отырады. Арудың қазіргі кәсібі бірнеше жыл бұрын дүниге келген.

Ол көптеген байқауларға қатысып, тұяқты бәтеңкелерді өзі үшін жасап жүріпті.

Аяқ киімнің айналадағы адамдардың көңілінен шыққаны сонша, олар тіпті Блэрге арнайы тапсырыс бере бастаған.

Уақыт өте ол ерекше туфли, бәтеңке, етіктер ойлап шығарған. Кейінірек бойжеткеннің туындысы Creature Feet атауымен сатылатын болды. Бұл аяқ киімдерге әлемнің кез келген бұрышында отырып, онлайн тапсырыс беруге болады.

Аталған аяқ киім әйелдермен қатар ер азаматтар арасында да үлкен сұранысқа ие. Сәнді тұяқтар сапасы жоғары шайырдан жасалып, кейіннен туфлиге немесе бәтеңкеге жапсырылады.

Сатып алушылардың сөзінше, мұндай тұяқтармен жүрген өте ыңғайлы. Блэр бүгінгі таңда аяқ киімдердің жаңа үлгілерін шығаруды жалғастыруда. Ол тұяқты аяқ киімдерді ең бірінші өзі сынқтан өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817343-takty-btekeler-erekse-aak-kiim-zasajtyn-aru-nerimen-lemdi-tamsandyruda/

pixel