Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Денсаулық" пойызы Ақтөбе облысының тұрғындарын тексеруден өткізді

Опубликовано:

«Медициналық пойыз» жобасы еліміздің барлық өңірлері бойынша жұмысын жалғастыруда. Бүгінге дейін ол Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының шалғай бекеттерін аралап үлгерді. Қазіргі уақытта медпойыз Атырау облысының тұрғындарын қарап жатыр.

«Денсаулық» медициналық пойызы Ақтөбе облысының шалғай бекеттерінің тұрғындарын тексеруден өткізді

2019 жылдың 13 қыркүйегінде «Денсаулық» медициналық пойызы Ақтөбе облысында өз жұмысын аяқтап, 15 шалғай елді-мекен тұрғындарына қызмет көрсетті.

«Ақтөбе облысында дәрігерлер бригадасы 2 111 пациентті қабылдады, оның ішінде 408 бала. Өңірдегі жұмыс барысында 347 шағын хирургиялық ота жасалды, 54 ФГДС процедурасы, 706 УДЗ (УЗИ) және 234 флюорография жасалды. Пациенттер ең көп барған дәрігер терапевт болды, ол 711 адамды қарады және стоматолог дәрігер 516 адамды қабылдап үлгерді», - деп статистикалық көрсеткіштермен медпойыздың бас дәрігері Досмұхан Қаралиев бөлісті.

Пойыз емханаларда нақты мамандары жоқ шалғай елді-мекен тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді. Пациенттердің көбі пойызды сапалы әрі тегін медициналық көмек алу үшін асыға күтетіндерін атап өтті.

«Біз бұл өңірде 20 жылдан астам уақыт тұрамыз. Соңғы бірнеше жыл біз осы медициналық пойыздың қызметкерлеріне қаралуға келеміз. Қызмет толығымен тегін болғаны қатты қуантады. Дәрігерлер әр пациентті ұқыпты қарап, кеңестер береді», - деп атап өтті Шұбарқұдық бекетінің тұрғыны Виктор Горбушин.

Естеріңізге сала кетсек, жоба 29 сәуірден бастап жүзеге асырылып келеді. «Медициналық пойыздың» басты мақсаты еліміздің шалғай аудан тұрғындарын тегін медициналық қызметпен қамту. Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асырып жатыр.

«Денсаулық» медициналық пойызы Ақтөбе облысының шалғай бекеттерінің тұрғындарын тексеруден өткізді

Жалпы медициналық пойыз дәрігерлері қазіргі уақытқа дейін 21 000 тұрғынды тексерді, оның ішінде 4000 бала.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 20 тамызы қосымша «Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы іске қосылды. Қазір ол Түркістан облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде.

Пойыздар неміс және жапон өндірісінің алдыңғы қатарлы фирмаларының заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Аппаратуралар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар жасауға, ренгенография және флюорографиядан өтуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокардиограмма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Пойыз кестесімен www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru ресми сайттарында таныса аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817365-densaulyk-pojyzy-aktbe-oblysyny-trgyndaryn-tekseruden-tkizdi/

pixel