RU
"Мынау не сұмдық тағы?": Нұржан Керменбаев атын заңсыз пайдаланып жүргендерге шүйлікті

"Мынау не сұмдық тағы?": Нұржан Керменбаев атын заңсыз пайдаланып жүргендерге шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Нұржан Керменбаев заңсыз өзінің атын жарнама үшін пайдаланып жүргендерге ескерту жасады. Әнші бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы ғаламтор кеңістігінде өзі тұрған жарнама жазбаларын көргенде қатты таңғалған.

Себебі, әншінің өзі аталмыш жарнамдан бейхабар екен.

"Мынау не сұмдық тағы? Фотошоп жасап жарнамаға сап қойыпты ұялмай. Не істесем екен? Сотқа жүгінейін ба? Мына жарнаманы басшылары көріп отырса, алып тастауын сұраймын.Бұл әзірше ескерту болсын" , - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
2
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel