Выйти
RU

Головкин алдағы жекпе-жегінде тағы бір чемпиондық атақ үшін таласпақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасында өтетін жекпе-жекте IBF титулымен бірге IBO белбеуі сарапқа салынатын болды деп хабарлайды Vesti.kz.

Халықаралық бокс ұйымы ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, қос спортшы бос тұрған IBF титулымен бірге IBO белбеуі үшін жұдырықтасады.

Басылымның мәліметінше, орта салмақтағы IBO белбеуін соңғы рет Головкиннің өзі иеленген. Бұл титул кәсіпқой бокстағы беделдігі жағынан бесінші орында.

Ал IBF белбеуі 2015-тен 2018 дылға дейін қазақстандық спортшыға тиесілі болды.

Еске сала кетсек, Головкин мен Деревяенченко арасындағы жекпе-жек 5 қазан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Головкин алдағы жекпе-жегінде тағы бір чемпиондық атақ үшін таласпақ