Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі кәріс тобындағы әншіге ұқсағысы келген жігіт адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Опубликовано:

19 жастағы Лондоннан шыққан Оли Лондон сүйікті тобының әншілеріне ұқсау үшін 15 рет пластикалық ота жасатып, қыруар қаржы жұмсаған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оли кәріс BTS тобын сүйіп тыңдайды. Ол сатып алған альбомдар мен плакаттарды жеткіліксіз көріп, бойз-бендтің Джимин есімді мүшесіне ұқсауды мақсат етті.

Арманына жан бітіру үшін Оли бүгінгі уақытқа дейін 15 отаны басынан кешірді. Оған жас жігіт 125 мың фунт стерлинг, яғни 33 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған.

"BTS 2013 жылы шықты. Мен ол кезде Кореяда тұратынмын. Теледидардан өнерін тамашалап қалдым. Олардың барлығына тәнті болдым. Тура Джиминге ұқсағым келеді. Мен үшін ол - мінсіз", - деді Оли.

Оли Лондон Англияға қайта оралған кезде пластикалық ота жасауды бастаған. Алайда нәтижесі көңілінен шықпаған. Сөйтіп, ол бетіне ота жасату үшін 2019 жылы Оңтүстік Кореяға қайта келген.

"Кореяда мен сенімдімін. Әлемдегі ең үздік пластикалық хирургия осы жерде. Беттің кескінімен жұмыс істейтін дәрігерім де үздік", - деді Оли.

Жас жігіттің сөзінше, оның сырт келбетіндегі өзгерістерді бәрі дұрыс түсініп, қабылдай бермейді екен. Алайда Оли бұған көңілін түсірмейді. Себебі ол мақсатына жетуге тырысып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817379-kris-nsisine-kasagysy-kelgen-zigit-adam-tanymastaj-zgerip-ketti-foto/

pixel