Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтар балаға неге айдар шаш қояды?

Опубликовано:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, этнограф-ғалым Тәттігүл Қартаева қазақ халқының балаға айдар, тұлым, желке шаш, кекілді не үшін қоятынын түсіндіріп берді деп жазады Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz: Facebook
"Қазақ халқы кішкентай баланы тіл-көзден сақтау үшін оған айдар, тұлым, желке шаш қойған. Айдар, тұлымды қыз балаға да қойған. Ұл баланың айдары төбесінен қойылған немесе желке тұсынан бір ғана шаш қалдырған. Оны "желке шаш" дейді.
Кейін бұл шашты өсіріп, өрген. Айдар, тұлымды, желке шашты бала сүндеттелгенге дейін немесе алғашқы мүшел жасқа (13 жас) дейін алмаған", – дейді Тәттігүл Қартаева.

Ол сондай-ақ қазақтардың айдар, тұлым мен желке шашты кез келген балаға қоймағанын атап өтті.

"Егер баласы көп шетінесе, бірнеше рет түсік жасаса, бесікте жатқан сәби аурушаң болса, "көз тимесін" деп айдар, тұлым, желке шаш қойған. Сондай-ақ әйел кілең ұл туып, соңында қыз баланы дүниеге әкелген кезде, "тіл-көзден сақтасын" деп сәбиге тұлым қойған. Қыздың тұлымы екі самайынан қойылған. Оның айдар, тұлымын түбінен кесіп тастамаған", – дейді ғалым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817382-kazaktar-balaga-nege-ajdar-sas-koady/

pixel