RU
Ақерке Ахметова әділет министрінің орынбасары болып тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ақерке Ахметова әділет министрінің орынбасары болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Үкімет қаулысымен Ахметова Ақерке Естайқызы әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. 

Ақерке Ахметова, фото: primeminister.kz

Ақерке Ахметова, фото: primeminister.kz

Ақерке Ахметова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Ол Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Көкшетау университетін, Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, Болашақ бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Sheffield университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1991 жылы бастаған.

Түрлі жылдары коммерциялық салада жұмыс істеді.

2000 жылдан бастап әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істейді. Бас маман, халықаралық келісімшарттар жобаларын сараптау бөлімінің басшысы, Департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 

2015–2017 жылдары — әділет министрлігінің халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің директоры.  

2018 жылғы наурыздан қазіргі таңға дейін әділет министрлігінің мемлекеттік мүлік құқығын қорғау департаментінің директоры лауазымын атқарған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel