Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда адамдарды көлікпен қаққан екінші күдікті қамауға алынды

Опубликовано:

Алматыда адамдарды көлікпен әдейі қағу оқиғасы бойынша екінші күдікті қамауға алынды деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ағайынды Әлекеевтер. Кадр: 31 арна
Ағайынды Әлекеевтер. Кадр: 31 арна: Facebook

16 қыркүйекте 1995 жылғы күдіктіні іздеуде жүруіне байланысты сырттай қамауға алуға санкция берілген болатын.

Енді сот оны тергеу мерзіміне дейін екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Осылайша, күдікті кем дегенде 16 қарашаға дейін қамауда болады. Кейін санкция мерзімі ұзартылады немесе іс сотқа өткізіледі.

Еске сала кетейік, тамыз айының соңында адамдарды әдейі қаққан көліктердің видеосы желілерде тараған еді.

Бірінші күдікті сол күні ұсталып, екі айға қамалған болатын.

Кейіннен көлікті тізгіндеген екеуінің ағайынды екені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817412-almatyda-adamdardy-klikpen-kakkan-ekinsi-kdikti-kamauga-alyndy/

pixel