Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаныма батты": Жалғыз ұлы мен келіні тойдан кейін қалаға кетіп қалған ана сырын ақтарды

Опубликовано:

Бірнеше ай бұрын жалғыз ұлын үйлендіріп, келінді болған көкшетаулық тұрғынның бүгінде көңілі жабырқаулы. Оған себеп сүйікті ұлының келіншегіне еріп, қалаға кетіп қалуы екен. Қазір кенже қызымен ғана қалған әйел адам отбасының болашағына қатты алаңдап отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қыдыргүл (ред.ескертпе кейіпкерлердің барлығының аты-жөні өзгертілді) екі баласын жалғыз өзі бағып-тәрбиелегенін айтады. Күйеуі жас кезінде қайтыс болғандықтан, көп қиыншылықтарды басынан өткізуге туралы келген. Ұлы мен қызының қатарынан қалмай, аяққа тұрып кетуін қалаған ана көп бейнет көргенін жасырмайды.

"Мен балаларым үшін ешқашан аянып қалған емеспін. Қолымнан келгенше екеуінің білім алып, жақсы қызметте болғанын қаладым. Ұлым Нұрсұлтан маған үнемі көмектесіп, қолғабыс көрсетіп жүретін. Ол оқуға өз білімімен түсіп, менің төбемді көкке жеткізген еді. Университет бітіргеннен кейін, жұмыс істеп, біздің асыраушымызға айналды", - дейді кейіпкер.

Отбасының жағдайын жасап жүрген Нұрсұлтан көпке дейін үйлену тойы туралы әңгіме қозғамаған екен. Жасы отыздан асқан кезде ғана анасын сөз байласып жүрген сүйіктісімен таныстырған. Ұлының талабын құп көрген Қыдыргүл, бірден той дайындығының қамына кірісіп кетіпті.

"Нұрсұлтаным үйленгісі келетінін айтқанда қуанышымда шек болмады. Жақындарымның үйіндегі келіндері мен немерелерін көргенше қатты қызығатын едім. Отбасымыздағы алғашқы қуаныш болғандықтан, тойымыздың жоғары деңгейде өткенін қаладым. Келінімізді ата-анасы ұзататын болды. Қыздың қалың малы мен құдаларға берілетін сыйлықтар туралы алдын-ала келісіп алдық. "Беташарды үйде жасап, үлкен тойды өткізу үшін қымбат мейрамхана жалдадық", - дейді ол.

Той біткеннен кейін, Қыдыргүл келінін өзіне жақын тартуға тырысады. Ол ауылдан қатынап, қалада жұмыс істейтін болған.

Келінінің таң ата кетіп, кеш қайта оралатынын түсінген ене қолынан келгенше үйдің тіршілігін бітіріп отыруға тырысқан.

"Біздің ауылымыз облыс орталығына жақын орналасқан. Мен үйді жинап, кір жуып отыратынмын. Келінім кешкісін бір мезгіл тамақ әзірлеп, асхананы жинап жататын. Не себепті екені белгісіз бірақ келініммен жақын қарым-қатынас орната алмадым. Айгүл ашылып сөйлей қоймайтын.
Кешкісін жұмыстан қабағын түйіп келетінін байқайтынмын. Үйдің тіршілігіне қатысты ескерту айтсам, көзін алартып, бетіме бір қарайтын, бірақ мен оның бұл мінезіне мән бермеуге тырысып жүрдім. Қаланың қызы болған соң, ауылдың тыныс-тіршілігіне үйрене алмай жүрген шығар деп ойладым", - дейді көкшетаулық тұрғын.

Бір күні келінді болған отбасында күтпеген оқиға орын алды. Нұрсұлтан келіншегімен бірге қалаға бөлек шығатындарын айтып, анасын қатты састырды. Айгүлдің аяғы ауыр болған соң, дәрігерлер демалу керек екенін айтыпты. Жүкті келіншекке ұзақ жол жақпайтын көрінеді.

"Баламның көңіл-күйі болмай тұрғанын байқадым. Бөлек шығу – Айгүлдің шешімі екені белгілі. Ұлым амалсыздан жарының соңынан ілесіп кетіп бара жатты. Жүрегім қатты ауырып, төбемнен мұздай су құйып жібергендей болды. Шынымды айтсам, жасырын жылап алдым.
Бірнеше ай бұрын ғана келген келінімнің кетіп бара жатқаны жаныма батты. Оның үстіне туыстарым да біздің отбасымызды әңгіме ете бастады. Көпшілігі мені айыптап, келінін сыйдырмады деп жатты", - дейді кейіпкер.

Қазір Қыдыргүл кенже қызымен бірге ауылдағы үйінде тұрып жатыр. Бөлек шыққандарына бірнеше ай болса да, келіні телефон соғып немесе үйге келмеген.

Ал ұлы Нұрсұлтан ғана анда-санда анасының жағдайын біліп кетіп жүр. Көкшетаулық ана ертеңгі күні немересін көруге зар боламын ба деп қорқады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817415-zanyma-batty-zalgyz-ly-men-kelini-tojdan-kejin-kalaga-ketip-kalgan-ana-syryn-aktardy/

pixel