RU
Өгей қызын зорлаған ер адам 15 жылға сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Өгей қызын зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық кодекстің 120 бабы 4 бөлігі "Кәмелетке толмаған жеткіншекті зорлау" бойынша қылмыстық іс қаралды деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Басылымның мәліметінше, сот отырысында айыпталушы өзінің кәмелетке толмаған өгей қызын жеті ай бойы зорлағаны анықталған.

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі сотталушы мен жәбірленушінің анасы заңды түрде некеге тұрғанын жеткізді.

"13 жастағы жәбірленуші әйелдің соңынан ілесіп келген бала екен. Сотталушы өгей қызына заңды түрде аты-жөнін беріп, оны өз баласы деп таныған. Сотталушы әйелінің жоқтығын пайдаланып, өгей қызын зорлап келген", - деді ведомство.

Қыз баланың өгей әкесінен қорыққандықтан басындағы қиын жағдай туралы ешкімге тіс жарып айтпағаны белгілі болды.

Бұл жағдай оқушының екіқабат екені анықталғанда айтылған.

Содан кейін ғана анасының полицияға шағымданғаны хабарланды.

Облыстық сот өгей әкені қылмыстық кодекстің 120 бабы 4 бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, әйел адам айыпталушыдан тағы екі қыз туған.

Сіздің реакцияңыз
4
1
11
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel