RU
Неліктен жас қыздар кемел жастағы ер адамдарды таңдайды?
Жаңалықтар Қоғам

Неліктен жас қыздар кемел жастағы ер адамдарды таңдайды?

Рассказать Вконтакте

Ер адамы қасындағы аруынан екі, тіпті, үш есе үлкен жұптар көптеп кездеседі. Бұндай жұптар қарапайым халық арасында да, танымал тұлғалар ішінде де жеткілікті. Ер адамдардың өздерінен жасы кіші қызды таңдауы түсінікті жайт. Ал нәзік жандардың таңдауы неліктен кемел жастағы ер азаматтарға түседі? Бұл туралы Rambler.ru жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Олар тәжірибелі және өздеріне сенімді

Егер жас жігіттердің өмірлік тәжірибесі жоқ болса, кемел жастағы ер адамда ондай тәжірибе асып төгіледі.

Сол үшін де ол келеңсіз қателіктер жібермейді және жанындағы аруына да ондай қателіктерге баруға жол бермейді. Әрдайым ақыл-кеңесін беріп отырады. Сонымен қатар, өзіне сенімді ер адамның қасында қыздардың да өздеріне деген сенімі арта түседі.

Олар қыздың көңілін табуды біледі

Нәзік жандар қай жаста болсын ер адамының оларға назар аударып, көңілін тапқанын қалайды. Сондықтан да себепсіз гүл беру, күтпеген жерден сыйлық жасау қыздардың көңілін баурап алудың бірден бір жолы болып табылады.

Әдетте, ересек адамдар жас жігіттерге қарағанда бұндай әрекеттерге жақын келеді.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
1
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel