RU

Мұхтар Тілеуберді еліміздің Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорда.

Мұхтар Тілеуберді. Фото: sng.today
Мұхтар Тілеуберді. Фото: sng.today: Depositphotos
"Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын", - делінген президент қаулысында.

Айта кетейік, Мұхтар Тілеуберді бұған дейін Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Ал аталмыш ведомствоны жаңа басшыға дейін басқарған Бейбіт Атамқұлов еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1817456-mhtar-tileuberdi-kazakstanny-syrtky-ister-ministri-boldy.html