RU
Роман Скляр вице-премьер қызметіне тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Роман Скляр вице-премьер қызметіне тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

Роман Скляр. Фото: ATAMEKEN.KZ

Роман Скляр. Фото: ATAMEKEN.KZ

"Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметінен босатылсын", - делінген мемлекет басшысының жарлығында.

Роман Васильевич Cкляр 1971 жылы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.

"Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетін, сондай-ақ "Экономист" мамандығы бойынша Мәскеу қазіргі заман бизнес институты мен "Заңгер" мамандығы бойынша Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы "Экибастузуглеавтоматика" монтаждау-жөндеу басқармасында Слесарь-монтажшы болып бастап, кейін "Вахинвест" БК-да техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженер және коммерциялық салада қызмет еткен.

2002-2003 жылдары Павлодар облыстық дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті басқармасының бөлім бастығы, 2003-2005 жылдары Павлодар қаласында мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы болып еңбек етті.

2005-2006 жылдары Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, аппарат жетекшісі, 2006-2007 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Одан кейін Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық (басқарма басшысы) департаментінің директоры болды.

2008 жылғы қазан айынан 2010 жылғы қараша айына дейінгі мерзімде Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет еткен.

2011 жылғы 17 мамырдан 2013 жылғы қазан айына дейін көлік және коммуникация вице-министрі, 2014-2016 жылдары "Қазақстан Темір Жолы" АҚ вице-президенті болған.

2016 жылғы наурызда "Нұр Отан" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты болып сайланды, Экономикалық реформа және аймақты дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2016 жылғы мамыр айында ұлттық экономика вице-министрі болды.

2016 жылғы 23 желтоқсанда инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне тағайындалған.

2019 жылы ақпаннан бастап индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі.

2019 жылғы 25 ақпаннан бастап индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарып келді.

Ол "Құрмет", "Парасат" ордендері, "Астананың 10 жылдығы", "ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы", "Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық "Бірлік" алтын медалі" мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel