Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қарағанды облысының әкімі қызметіне Жеңіс Қасымбекті ұсынды

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы әкімі лауазымына Жеңіс Қасымбектің кандидатурасын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі: UGC

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Қарағанды облысының бұрынғы әкімі, тәжірибелі мемлекеттік қызметші Е.Қошанов Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды. Қарағанды облысының басшысы лауазымына мәслихатқа Премьер-министрдің орынбасары, білікті басқарушы Ж.Қасымбек ұсынылады", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Қошанов Қазақстан президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1817480-tokaev-karagandy-oblysy-kimi-kyzmetine-zeis-kasymbekti-syndy/

pixel