RU
"Тегін жұмыс істеткен": Ресей азаматы Қазақстанда отыз жылға жуық құлдықта болған

"Тегін жұмыс істеткен": Ресей азаматы Қазақстанда отыз жылға жуық құлдықта болған

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда отыз жылға жуық құлдықта болған Ресей азаматы бостандыққа шықты. Еңбекке жегілген ол енді өз отанына қайта алмай жүр. Жарты ғұмырын жат мемлекетте өткізген азамат жайлы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Фото: Видеодан кадр/ "Астана" тееларнасы

Фото: Видеодан кадр/ "Астана" тееларнасы

Осыдан 29 жыл бұрын Көкшетау жаққа жұмыс іздеп келген ресейлік азамат құлдыққа түскен.

Кейін оны қожайыны Алматы жаққа апарып, 11 жыл бойы біреудің малын бағып, отын жаққызған. Дмитрийдің сөзінше, оны ешкім ұрып-соқпаған. Тек "еліңе қайтарамыз" деген уәдемен тегін жұмыс істеткен. 

"Соңғы уақытта шешендерде жұмыс істедім. Сол жерде Руслан деген бір қазақпен таныстым. Ол Ресейдің азаматы екен. Еліңе қайтуға көмектесем деді. Сол мені осында алып келді", - дейді ер адам. 

Құлдықтан құтылу Дмитрийдің ойында мүлде болмапты. Құжаты да жарамсыз. Сондықтан полицияға арызданып, осы уақытқа дейін ешкімнен көмек сұрамаған екен. Еркіндікке шыққан Дмитрий енді тезірек отанына қайтқысы келеді.

Ол жақта ұлы мен қызы, туған туыстары күтіп отыр. Алайда Ресей тарапы тоқсаныншы жылдары ел аумағынан кеткен адамның азаматтығын анықтап, құжаттарын рәсімдеуге асығар емес. 

"Біз оны еліне қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін істедік. Ресей елшілігімен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Елшілік оның азаматтығын бекітіп, сертификат беруі керек. Отыз жылға жуық зардап шеккен адамды тезірек отанына қайтаруды сұрап отырмыз.
Құлдықтан құтылған азаматтың қазір қаланың қай жерін паналап жүргені белгісіз. Қоғамдық ұйым өкілдері ол жағын құпияда ұстап отыр. Алайда Ресей федерациясы азаматтық бермей қойса, оның жағдайы тым мүшкіл болайын деп тұр", - дейді "Дамыту" ҚҚ төрайымы Нина Косюк.

Қазір азаматқа медициналық және психологиялық көмек керек. Азаматтығы болмағандықтан бейімдеу орталығына немесе мемлекеттік мекемелерге орналастыру мүмкін емес. Дмитрийдің соңғы үміті Ресей елшілігінде.

З. Санай

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
8
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel