RU
Қарқаралыда Жанар Хамитовамен қоштасты

Қарқаралыда Жанар Хамитовамен қоштасты

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Қарқаралыда отандық танымал әнші Жанар Хамитова жер қойнына берілді. Әншінің жерлеу рәсіміне жиылғандардың қарасы көп болды. Алайда, оны соңғы сапарға аттандыруға жұлдыздың бұрынғы күйеуі мен балалары келе алмаған деп жазады "Бір сұрақ" бағдарламаcына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Отандық бағдарламаның Instagram желісіндегі ресми парақшасындағы мәліметке сәйкес, Хамитованың бұрынғы жұбайы оның жаназасына қатыса алмағанымен жақында ұлдарымен бірге келіп қайтатынын уәде еткен.

Оған қоса, әншімен қоштасу үшін оның өнердегі әріптестері Меруерт Түсіпбаева, Сиви, Ринат Мальцагов, Әбу Қай арнайы келген.

Айта кетейік, 16-шы қыркүйек күні әнші Жанар Хамитованың қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарады.

Кейін Қарағанды облыстық полициясы әншінің өлімін растап, пікір білдірді. Ал марқұмның әкесі қызының өлімін тағдырдың ісіне балап, ешкімді кінәламауға шақырды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel