Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сіздің жетістігіңізді үнемі қызғанатын адамдарды қалай білуге болады?

Опубликовано:

Айналамыздағы адамдардың қандай екенін біле бермейміз. Сіз байқамасаңыз да достарыңыздың арасында қызғаншақ адамдар кездесуі мүмкін. Кімнің күншіл екенін көрсететін бірнеше белгілер бар деп жазады Рамблерге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

№ 1. Жасанды күлкі

Адамдардың мимикасына жиі назар салыңыз. Өзіңіздің біреуді қызғанған түріңізді елестетіңіз. Осылайша досыңыздың мимикасын бірден түсіне аласыз. Қызғанады деп күдіктенентін адамыңызға қуанышты жаңалықты жеткізгенде оның бетіне қараңыз. Егер өзіңіздің қуанышыңызға күрсінуді, артынша жасанды күлкіні байқасаңыз, қызғаншақ адаммен достасудың қажеті бар-жоғын ойланғаныңыз жөн.

№ 2. Жетістігіңізді құнсыздандырады

Қызғаншақтар сіздің мансаптағы болсын, жеке өмірдегі болсын жетістіктеріңізді сәттілік деп жиі айтады. Осындай сөздерді байқадыңыз ба? Егер сіздің досыңыз "сенің жолың болды" деп айтып, маңдай теріңізді бағаламаса, оның ниетінің бұрыстығын білдіреді.

№ 3. Сынау

Үнемі сынға ілігу - адамның өзіне деген сенімділігін азайтады. Сіз біраздан бері армандаған затыңызды сатып алдыңыз. Ол қуанышты жаңалықты досыңызбен бөлістіңіз.

Ал ол болса алынған заттың сапасы төмендігін, қымбатқа алып қойғаныңызды, бұдан да жақсысын көргенін айтады. Бұл тек қызғаныштан айтылған сын болуы мүмкін. Сіздің өміріңіздегі кез келген жақсы жаңалық қызғаншақ досыңыздың шамына тиеді.

№ 4. Негатив айтады

Досыңызға жағымды жаңалығыңызды айтсаңыз, ол үнемі жағымсыз нәрсе айтып отырады. Өзінің сәтсіз тәжірибелерін айтап, сіздің қуанышыңызды су сепкендей басады.

№ 5. Сізбен бәсекеге түседі

Қызғаншақтықтың тағы бір белгісі - ол үнемі сізбен бәсекелесіп отырады. Сіз не істеңіз де сізден асып түсуді мақсат етеді. Сізге қарағанда қымбатырақ зат алады немесе сіздікінен мықты мерекелік кеш жасайды. Мұндай доспен бірге сіз өзіңізді жарысып жүрген көліктей сезінесіз.

Егер айналаңыздағы адамдар үнемі қызғаныш танытса, ондай жандармен жақын араласудың қажеті жоқ. Өзіңізді жамандықтан аулақ ұстаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817542-kyzgansak-adamdy-anyktajtyn-bes-belgi/

pixel