Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құтты білік, Хикмет кітабы": Тоқаев қандай кітаптар оқиды?

Опубликовано:

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай кітаптар оқитынын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Twitter

Баспасөз хатшысының сөзінше, президент әлем классикалық әдебиеттерімен жақсы таныс және жақын арада Абайдың "Хикмет кітабын" қайта оқып шыққан.

Мемлекет басшысы уақыты тығыз болғанына қарамастан, бір уақытта бірнеше кітапты оқи беретіні белгілі болды.

"Бүгінгі күні президенттің жұмыс орнында Алек Россаның "Индустрии будущего" кітабы, Юваль Ноя Хараридің 21 Lessons for the 21 Century, Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік", Парага Ханнаның The Future is Asian кітабы тұр", - деді Берік Уәли.

Сондай-ақ, баспасөз хатшысы президенттің Time, Economis, Le Monde сынды әлемдік журналдармен қоса қазақстандық сайттарды да оқитынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1817546-ktty-bilik-hikmet-kitaby-tokaev-kandaj-kitaptar-okidy/

pixel